Қаулыда өзгеріс бар

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері вакцинаның бірінші компонентін 1 тамызға дейінгі мерзімде ала алады. Ал, мұның алдында айтылған басқа контингент үшін талап – өзгеріссіз. Яғни, санитарлық дәрігердің №21 қаулысында көрсетілген сала қызметкерлері 15 шілдеге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 15 тамызға дейін екінші компонентін алуы тиіс.

10 шілдеден бастап күшіне енетін құжатта бұдан басқа өзгерістер де бар. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдау, кеңестер, семинарлар және тағы басқаларын өткізуге тыйым салынады. Шұғыл шешімді талап ететін жағдайлар бұл қатарға кірмейді. Қашықтан өткізуге мүмкіндік болмаса, күндізгі режимде кеңес (отырыс) өткізу алгоритмін қатаң сақтау қажет.

Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеу енгізілді. Халық тұратын қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға, мәселен, қонақ үйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/ базалары, туристік базалар және жағажайларда «Ashyq» жобасын шектеусіз пайдалана отырып, толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс. Қалалық және қоғамдық жағажайлар аумағында жағажай жабдықтарын (шезлонгтар, шешінетін бөлмелер, аяқ жуғыштар және басқалары) әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтай отырып және сигналдық белгілеулерді, шектеу кедергілері мен ленталарды, сондай-ақ, қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты енгізе отырып орналастырылады.