Жаңалықтар

Қауіптің алды алынды

   Бетін аулақ қылсын. Өңірімізде террорлық әрекеттерге төтеп беруге дайын емес 1300  объекті бар. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті мәлімдеме жасады.

Оларға мемлекеттік, стратегиялық нысандар және стратегиялық маңызы бар экономика саласының нысандары, қауіпті өн­­дірістік нысандар, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын аумақтар жатады. Бүгінде тиісті өткізу режи­мін, объектілерді қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз етуі міндеттелген.

Осы мақсатта өткен жылы облыстық ішкі істер департаменті терактыға осал объектілердің бас­­шылары мен қызметкерлер үшін олардың содырлардан қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ны­сандарға тексеріс жүргізген. Нә­ти­жесінде, 385 тиісті нұсқама әзір­ленген. Террорлық шабуылға осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi ор­ын­дамау орын алаған.   Террорлық әрекет болу қаупі бар нысандар анықталуына байланысты 70 әкiмшiлiк материал сотқа жіберіліп, 54 басшыға жаза қолданылған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button