Аудан әкімін таныстырды
Бейсенбі күні аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ Жаңаарқа ауданының жаңа әкімін таныстырды. Бұл міндет Юржан БЕКҚОЖИНГЕ жүктелді.
– Сіздердің барлықтарыңызға белгілі, өкінішке қарай, аудан әкімінің қызметін атқарған Ғабдрахман Игілікұлы Омаров денсаулығына байланысты лауазымынан босату туралы өтініш жазды. Ол өзіне жүктелген міндеттерді тамаша атқарды. Біз барлығымыз Ғабдрахмен Игілікұлының тез сауығып кетуін тілейміз. Ал, сіздер Юржан Бекқожинді жақсы танисыздар. Себебі, ол осы ауданда аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, – деді Ерлан Қошанов Жаңаарқа ауданының активіне жаңа әкімді таныстырғанда. Сондай-ақ, жаңа әкімге келешекте атқарылар жұмыстар да баршылық екенін айтты.
– Юржан Асанұлы, Жаңаарқа ауданының көрсеткіштері жақсы болғанымен әлі де жасалатын жұмыстар жеткілікті, – деді облыс әкімі.
– Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мен өз кезегімде Жаңаарқа ауданының өсіп-өркендеуі үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға тырысамын, – деп жауап берді Юржан Бекқожин өз сөзінде.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.



