Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына Абылай Аманжолов тағайындалды. Жаңа әкім сайлау барысында басым дауыс жинап, ел сеніміне ие болды. Жаңа әкімді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын таныстырды.
Абылай Аманжолов – Ақтоғай ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін және «Құқықтану» бағытында «Фемида» академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған. Әр жылдары Ақтоғай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы мен ішкі саясат бөлімін басқарып, жемісті еңбек етті.
2017 жылдан бастап, жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.