Спорт

Атыраудағы тең ойын

   

 «Атырау» мен «Шахтердің» сенбідегі кездесуінде есеп ашылмады. 0:0.

Премьер-Лига чемпионатының V турында «Шахтер» Атырауға барған еді. Бұл – атыраулықтардың жаңа бапкер Андриан Сосновскийдің жетекшілігімен өткізген алғашқы ойыны болды.
«Шахтерде» қазір – 8 ұпай. Бесінші турдан кейін 5-ші орынды меншіктеді.
Көш басында – «Астана» (13 ұпай). «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасыда» (Шымкент) – 12 ұпайдан. Алматылық «Қайрат» 11 ұпаймен 4-ші сатыда. «Ақжайық» (Орал) пен «Ертіс» (Кереку) 7 ұпайдан еншілесе, «Ақтөбе» мен «Жетісудың» (Талдықорған) әрқайсы 4 ұпайды олжалады. «Қызыл-Жар СК» (Қызылжар, 3 ұпай), «Қайсар» (Қызылорда, 2 ұпай), «Атырау» (1 ұпай) турнир кестесінің соңында орналасқан.
«Шахтердің» келесі қарсыласы – «Ақтөбе». Ойын 22 сәуірге белгіленген.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button