АймақБас тақырыпҚарағанды

Қатты желдің салдарынан 61 ғимараттың шатыры мен жабындары зақымданды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, сенбі күнгі қатты желдің екпіні (25 м/с астам) 61 ғимараттың шатырлары мен жабындарын жұлып, зақымданған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қалада электр желілері қалпына келтіріліп, көшелерді құлаған ағаштар мен бұтақтардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жұмыс бригадалары аялдама павильондарын ретке келтірді.


Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғындарына жел күшейген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажет болмаса, көшеге және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.

Төтенше жағдайлар қызметінің ресми парақшасында және бұқаралық ақпарат құралдарында ауа райы жағдайының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалысты шектеуді бақылап отыруды қаперіңізден шығармаңыз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Суреттер: Төтенше жағдайлар департаментінен

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button