Спорт

Атлетшіміз алтын жүлдеге қол жеткізді

    Үндістанның Бхубанешвар қала­сында өткен Азия чемпионатында қарағандылық жеңіл атлетші Мария ОВЧИННИКОВА алтынмен апталды.

Айта кетейік, төрт күнге созылған құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен  қоржындарын қомпайтты. Қазақстаннан барған 31 спортшы жоғары жетістік көрсетіп, жалпы командалық есепте Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынға табан тіреді.

Ел еншісіне төртінші алтынды үш қарғып секіруден Мария Овчинникованың әпергендігі Арқа жұртын қуантты. Спортшы Азия чемпионатын 13.72 метрмен қорытындылады. 18 жастағы спортшы қызымыз сонымен қатар, 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Спортшымыздың жүлдесі құтты болсын!

Нұрдос Кәрім.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button