Қарағанды

“Қателіктер түзетіледі”

Қаламның күші қала әкі­мінің назарынан тыс қалмады.

Әдеттегідей, біздің басылым көше-аулалардағы мемлекеттік тілге қатысты кемшіліктер мен қателіктерді ашық жазып келеді. Соның бірі – облыс орталығындағы Бұқар жырау даңғылының атауы мен осындағы қате жазбалар. Бір емес, бірнеше мәрте жаздық.

«Орталықта» көтерілген өзекті мәселеге жергілікті билік жуырда үн қатты. Жаз­баны назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз…

РЕДАКЦИЯДАН.

Қарағанды қаласының Қазы­бек би атындағы ауданы бойынша қазіргі уақытта Бұқар жырау даңғылындағы аншлагтар мен көрсеткіштерді ауыстыру жұмыстары іске асырылуда.

Сонымен қатар, Бұқар жырау даңғылы, 51 мекен-жайындағы аншлагтағы қателіктер осы жылдың 1 маусымына дейін түзетіліп, ауыстырылатынын хабарлаймыз.

Т.ШАТОХИНА,

Қарағанды қаласы

Қазыбек би атындағы ауданы әкімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button