Қарағанды

Ата-ана – мектеп тірегі

Қалалық №6 жалпы білім беретін орта мектепте ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Білім ордасында Ұстаз-Ата-ана-Оқушы үштік одағының байланысы басты назарға қойылып, бала тәрбиесінде ата-ананың маңызы ерекше екендігі ескерілді. Ашық есік күнінің алға қойған мақсаты – оқушылар белсенділігі мен ата-аналар жауапкершілігін арттыру және оқушының мектеп өміріндегі тынысымен таныстыру болды.

Мәңгілік Ел ұрпағының негізін қалаушы тұлға – кәсіби құзіреттілігі дамыған жаңа форматты мұғалім десек, өткізілген шеберлік сабақтары осы ойдың дәлеліндей болды. Шеберлік сабақтарға қатысқан ата-аналар мұғалімнің кәсіби дамуындағы жаңа зерттеуші іс-әрекеттерді, оқушымен ынтымақтастығын байқап, ризашылықтарын білдірді.

Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі десек артық емес. Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде де отбасының міндеті үлкен. Осы орайда мектебімізде оқушы мен мұғалімдердің қатысуымен тәрбиелік маңызы зор «Отбасындағы мәдени құндылықтар» атты көріністер мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Шану ҚАНТОРБАЕВА,

№6 жалпы білім беретін орта мектеп директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button