Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Карантиндік шектеулер біртіндеп алынады”

Бүгін Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, кей өңірлерде карантиндік шектеулер сақталатынын айтты.  

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан, карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Мемлекет басшысы.

 

Басқа материалдар

Back to top button