Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев E-Learning жүйесін сынға алды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында E-Learning  жүйесін сынға алды. Сондай-ақ, “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасын қосымша қаржылық шығындарсыз қайта қарауды тапсырды. 

– Елеулі жүйелік кемшіліктер анықталды. Білім министрлігі теледидар арқылы сабақ беруге мәжбүр. Жарнамасы жер жарған E-Learning жүйесінің жұрт айтып жүргендей, үні шықпай қалды. Сонымен қатар, E-Gov жүйесінде де ақаулар бар екені мәлім болды. Алдағы уақытта осы вирус кезіндегі жағдайлардан сабақ алып, талдаулар жасап, мынандай тосын жағдайларға дайын болуымыз керек. Ең бастысы, шын мәніндегі цифрлы мемлекетке айналу үшін IT саласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын дайындау қажет. Елімізде келесі жыл тиімді цифрландыру аясында өтуі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа тәжірибелерді ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын түбегейлі реформалау қажет екенін айтты.

– Жоғарыда айтқанымдай, дағдарыс – барлық кемшіліктерімізді көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз осыны пайдалануымыз керек. Реформаларды дайындау жұмыстарын қазірден бастау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button