Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ туғанына – 110 жыл

Қасым көшесінде…

Дауылпаз ақын, жерлесіміз Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2021 жылдың 5 мамыр күні «Қасым көшесінде…» атты акциясын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – Қасым Аманжоловтың есімін ел ішінде кеңінен тарату, қарағандылықтардың әдеби талғамдары мен оқу мәдениетін қалыптастыру, дауылпаз ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Акция екі кезеңнен тұрады:

I кезең – Акция Қарағанды қаласындағы Қасым Аманжолов көшесінің бойында сағат 14.00-де басталады. Акция барысында 2-3 адамнан құралған бірнеше топ Қ.Аманжолов көшесі бойымен жүре отырып қала тұрғындарымен сұхбаттасып, ақын жайлы ақпарат қағаздар ұсынып, өлеңдерін оқып, әндерін шырқауға тартады.

II кезең – сағат 15.00-де Қасым Аманжолов ескерткішінің алдында «Еркін микрофон» форматында Қасымның өлеңдері, Қасымға арналған арнаулар оқылады, әндері шырқалады.

Шараға жергілікті ақындар, «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының мүшелері, дәстүрлі «Қасым Аманжолов оқуларының» жеңімпаздары, облыстық этномәдени орталықтардың мүшелері, кітапханашылар, ұстаздар, студенттер, оқушылар қатысады деп күтілуде.

Шара Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Instagramm әлеуметтік желіcінде Тікелей эфир арқылы жүргізіледі.

Басқа материалдар

Back to top button