Қарағанды

Асығы алшы түсті

Ағадырлық Асылхан ҚОЖАНӘСІП тоғызқұмалақтан өткен халықаралық онлайн-турнирдің жеңімпазы атанды.

Ақтөбеде тоғызқұмалақтан онлайн жарыс ұйымдастырылған-ды. Оған елдің әр өңірінен 43 ойыншы, сондай-ақ, Моңғолия, Ауғанстан, Түркия және Түркіменстаннан спортшылар қатысты.

Қарағанды облысының атынан жиырма бір жасар Асылхан Қожанәсіп қатысты. Ол – Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің IV курс студенті. Мектеп жасынан бері осы ұлттық спорт түрімен шұғылданады.

– Онлайн режимінде мықты қарсыластармен кездесу қиындық тудырса, бір жағы қызықты болды. Әрине, ең үздік болып, беделді турнирде бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Бәсекелестіктің нағыз рухы сезілетін жарыстар басталады деп үміттенемін, – дейді Асылхан Қожанәсіп.

Асылхан былтыр Стамбулдағы халықаралық турнирде I орын алған еді. Сондай-ақ, республикалық чемпионаттардың жеңімпазы және жүлдегері.

Басқа материалдар

Back to top button