Астананың мерейтойына арналады  

Волейболдан қыз-келіншектер арасындағы турнирді қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Астананың 20 жылдығына арналған спорт сайысында бес команда балалар мен жасөспірімдердің «Достық» шығармашылық орталығында бәсекеге түсті. Нәтижесінде «Еркетай» шағын орталығының «Достық» командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Емдеу- -сауықтыру кешенінің «Балқаш» командасы екінші орынды иеленді. Қала әкімдігінің «Сарыарқа» командасы үшінші орынға тұрақтады.

 

Әлібек ӘБДІРАШ,

«Орталық Қазақстан»

ПРИОЗЕРСК қаласы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.