Жаңалықтар

«Астана» айласын асырды

   Кейінге шегерілген ХХV тур шеңберінде «Шахтер» Теміртауда елордалық «Астананы» қабылдады.

«Астана» матч бойы басымдығын көрсетті. «Шахтер» ойыны қорғаныс пен қарымта шабуылдарға түзілді.

Қақпашы Игорь Шацкий бұл ойында біраз тер төкті. Сергей Малый мен Жуниор Кабананганың қауіпті соққыларын қайтарып отырды.

70-ші минутта қарағандылықтар Кабананганы «Шахтердің» айып алаңында құлатты. Төреші айып соққысын белгіледі. Доп тебуге Кабананганың өзі келді. Шацкий бұл соққыны қайтарғанымен, конголық легионердің аяғына тура салып берді. Өз кезегінде Кабананга екінші мүмкіндікті мүлт жібермеді. 0:1.

Сөйтіп, «Астана» 70 ұпаймен көш бастады. «Шахтер» 33 ұпаймен 7-ші сатыда.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button