Жаңалықтар

Қасиетті ай

               Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарма мәлімдегендей, 14 маусым – Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні.

Ораза айт – 15 маусымда, ал, Құрбан айт 21 тамызда басталады.

Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономия­лық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. «Арафа» мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button