Бас тақырып

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін – ұлттық валюта күні. Әрі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Қос мереке қарсаңында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі қаржыгерлер мен банкирлерді қабылдап, Алғыс хаттармен марапаттады.

Өңірде экономика және қаржы, мемлекеттік сатып алу, банк қызметтері саласында және «Қазпошта» филиалдарын қоса есептегенде 1,5 мыңға жуық маман еңбек етеді екен. Өз саласында талай жылдар бойы еңбек етіп, өңірдің дамуына өзіндік үлес қосқан жандарға аймақ басшысы құрмет көрсетті.

– Өңірдің жалпы, республиканың экономикалық әл-ауқатын нығайтуға күш салып, еңбек етіп жүргендеріңіз үш алғыс айтамын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деп жылы лебізін білдірді облыс әкімі.

Ұлттық экономиканы дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ экономикалық талдау бөлімінің басшысы Майра Мухамбетова, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Лариса Буравко, «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Кубелекова және «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Зауре Шлыкова «Экономика саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы Елена Әлімоваға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Алғыс хаты табысталды.

Одан бөлек, қаржы саласының 41 қызметкеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты табысталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button