Спорт

Қарымта кездесу өтеді

   Орта салмақта «WBA» (Super), «IBO», «WBC» және «IBF» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИН мен мексикалық Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС қарымта жекпе-жегінің уақыты белгіленді.

«RingTV» мәліметінше, Синко де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы, 1862 жылы 5 мамырда Пуэбле шайқасында мексикалық әскердің жеңіске жетуіне байланысты тойланады) мерекесінде боксшылар реванш өткізетіндігі жоспарланыпты.

«Golden Boy Promotions» промоутерлік компания­сының президенті Эрик Гоместің айтуынша, осы күн үлкен шара өткізуге әбден лайықты көрінеді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button