Жаңалықтар

Аруна – алтын тұғырда

Спорт деген бір сыйқыр. Оған жастайыңнан беріліп, жаныңды сала қызмет етсең жемісін бермей қоймайды. Әрине жеңісін де көретініңіз болады. Оны айтып отырған себебіміз, таяуда ғана жерлесіміз, қаламыздағы №59 мектептің 3 «А» сынып оқушысы Аруна Құрал Кентау қаласында өткен каратэ-додан Қазақстан Республикасының Чемпионатында облысымыздың намысын қорғап, олжалы оралды.

Аталмыш спорт сайысына еліміздің барлық облыстарынан жас спортшылар қатысқан болатын. Жерлесіміз жалындай жарқырап, алтыннан алқа тағып қайтты. Спортшы саңлақ қызымыз ата-анасының, жаттықтырушының сенімін ақтап шыққанына өте қуанышты. Сондай-ақ, алдағы жеңістерімен де қуантатынына сенімді. Біз айтып отырған спорт сайысы төрт түрлі бағдарлама бойынша өтіп, нәтижесінде жігерлі жерлесіміз екі алтын, бір күміс иеленген. Жаттықтырушысы Тойжан Таңатарқызының айтуынша, Аруна өте талантты спортшы. Ол өз қарсыластарынан әрқашан оқ бойы озық тұрады. Үйреткен әр әдісті жылдам жаттап алып, айқас кезінде сәтті қолдана біледі. – Аруна бүгін облыстың олжасын арттырып жатса, ертең-ақ еліміздің еңсесін көтертіп, әнұран шырқатар спортшы болатынына сеніміміз мол,  – дейді ол.

Аруна – алар асулардың асқарына шық, бағындырар белестердің биігінде бол демекшіміз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button