Спорт

Қарсылас жоқ

      Естеріңізде болар, наурыз айында Геннадий ГОЛОВКИННІҢ командасы 5 мамырда жекпе-жек ұйымдастыруға уәде берген еді. Бүгінде промоутер Том ЛЕФФЛЕРДІҢ Генаға лайықты қарсылас таппай, шақшадай басы шарадай болған жайы бар.

«Sports.kz-тің» хабарлауынша, Том Леффлер украин Сергей Деревянченконың 5 мамырда Генаға қарсылас бола алмайтындығын айтыпты.
– «GGG» 5 мамырда жекпе-жекке шыққысы келетіндігін айтты. Мен қажетті жұмыстарды жасап жатырмын. Деревянченкомен кездеспейтіні анық. Келесі жолы сәті түсер. Әзірге, нақты мәлімет бере алмаймыз. Головкиннің келесі жекпе-жегі бойынша шешім шығарылысымен міндетті түрде дереу ақпарат таратамыз. 18 сәуірде барлығы анықталады», – депті Леффлер.
Бұған дейін Головкинге лайықты үміткер ретінде ирланд Гэри О’Салливанның есімі аталып еді. Алайда, уақыттың аздығын айт­қан Гэридің гонорарға да көңілі толмапты. Бүгінде әлемдік бокс қауымдастығы «Головкин жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін» деп отыр.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button