Спорт

Қарсылас шақ келтірмеді

Қарағандыда футзалдан «Аманат Арена» СК-да 2009 жылғы ұлдар арасында Қазақстан Республикасының IV чемпионаты өтті. Чемпионатқа қарағандылық «Жастар-1» командасы қатысып, чемпион атанды.

Жарысқа барлық облыстан 16 команда қатысты. Өңір намысын қорғаған облыстық «Жастар» олимпиадалық резервтегі мектебінің «Жастар-1» командасы қарсыластарын жолда қалдырып, топ жарды. Командасын жеңіске жеткізген бапкері, жаттықтырушы – Олег Митяев. Оның жетекшілігімен команда бұған дейін республикалық біріншілікте чемпион болып, күміс жүлдеге де ие болған. Бұл дода қорытындысы бойынша ІІ орынды павлодарлық «Бірлік», ІІІ орынды – елордалық «Астана» командасы иеленді.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button