“АрселорМитталТеміртау” заңгерінің өліміне қатысы бар екі күдікті ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері “АрселорМитталТеміртау” АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азаматпен 44 жастағы азаматша анықталды. Қылмыстық оқиға заңгердің кәсіби қызметімен байланысты емес. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды,-деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында Жеңіске 40 жыл көшесі, 79-шы үйде өрт шыққан. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. Өрт орнынан 1969 жылы туған пәтер иесінің денесінен пышақ жарақатының іздері бар мәйіті табылған. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына «Адам өлтіру» сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz