Ресми

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ: Инвестормен келісім-шарт тоқтатылуы мүмкін

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде 1982 жылы туған қызметкер  қаза тапты. Қайғалы оқиғаға қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көз жұмған жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, апатқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Шынында да «АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай қаза болған жұмысшының жақындарымен қатар, бүкіл қазақстардықтарға да ауыр тиюде. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатысты қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме деген мәселе де қаралатын болады, – деді министр.

Ал, комиссия жұмысының қорытындысы жақында жарияланады.

Басқа материалдар

Back to top button