Жаңалықтар

ҚарМУ-дың ректоры ауысты

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Азамат ЕДІРІСОВ тағайындалды. Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ университеттің бұрынғы басшысы Еркін Қинаятұлы КӨБЕЕВКЕ “Құрмет грамотасын” табыстап, алғыс айтты және жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Заң ғылымдарының докторы Еркін Қинаятұлы Қарағанды мемлекеттік университетін 15 жыл басқарған.

Азамат Едірісов Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жаңа ректоры атанды. Бүгін жаңа басшы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамына ресми түрде таныстырылды.

Университеттің бұрынғы жетекшісі – заң ғылымдарының докторы Көбеев Еркін Қинаятұлы аталмыш қызметте 15 жыл еңбек етті. Оның 35 жылдан астам еңбек жолы ҚарМУ байланысты. 
Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ұзақ әрі белсенді жұмысы үшін Еркін Қинаятұлына алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыстады.

Профессор, химия ғылымдарының докторы Едірісов Азамат Тіржанұлы жаңа қызметке ректорларды таңдау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен тағайындалды. Сайысқа бес үміткер қатысты. 
Азамат Едірісов 53 жаста. Ол Қарағандының тумасы, ҚарМУ-нің физика факультетін бітірген. Еңбек жолын осы университетте бастаған. Мәскеудегі Карпов атындағы физикалық-химия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
Аспирантурадан кейін 1993 жылдан бастап Органикалық синтез және көмірсутегі институтында жетекші инженер және атқарушы ғылыми қызметкер лауазымдарында жұмыс істеді. 
2006-2014 жылдары Қарағандыдағы Қазақстан-Ресей университетінің Бірінші проректоры болды.
В 2006 жылы химия ғылымдарының докторлық дисертациясын  қорғады. 2010-шы жылы профессор атағын алды. 2012 жылы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды. 
2015 жылдан бастап Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры болып тағайындалғанға дейін Назарбаев университетінде күн энергетикасы лабораториясын басқарды.

Азамат Едірісов – жарияланған 70 астам ғылыми еңбектердің, екі монография мен бір оқу әдістемесінің авторы.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – еліміздің ең ірі университтерінің бірі. Онда 12 факультетте мамандарды даярлайды, 12 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар оқиды.

Басқа материалдар

Back to top button