Тұлға

Арманы – Олимпиада алтыны

   Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың дене мәдениеті және спорт факультетінің ІІІ курс студенті Айгерім ТӨРЕҒОЖИНА – 11 жасынан дзюдо күресімен айналысады. Жас спортшы халықаралық турнирлердің жеңімпазы, спорт шебері. Қазіргі таңда Айгерім Еуропа кубогі үшін Чехия елінде бақ сынауда.

Жаттықтырушысы Қырықбай Сәрсенбайұлы: «Айгерімнің спортқа деген талпынысы ерекше, басты мақсаты – Олимпиада ойындарының жеңімпазы атану. Оған қоса, дзюдо қазақ қызына жат емес. Өзіміздің ұлттық спортымызға ұқсайды», – дейді.

Бұған дейін Айгерімді жарыстарға қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо күресінен халықаралық төреші Қыдырбай Әбішев дайындапты. Үздіксіз жаттыққан ол – Павлодар, Семей, Қызылорда қалаларында өткен ҚР чемпионатында жүлделі орындарды иеленген.

Бапкерінің айтуынша, отандық спортшылар жаттығу мәселесіне келгенде көбінесе шетелді таңдайды. Шетелдердіктердің жаттығу базалары жақсырақ. Бірақ, КСРО кезінде самбо күресінен қазақтан шыққан әлемдік дәрежедегі чемпиондар көп болған. Тәуелсіздік алғаннан бері отандастар да дзюдо күресіне ауысты. Мысалы, жапондықтарда арнайы дзюдо академиясы бар және Олимпиада жеңімпаздары әлдеқайда көп. Сондықтан, спортқа жағдай жасалып отырғандықтан, бапкер де шәкіртінің дайындығына бейжай қарамауы тиіс. Себебі, спортшының жетістіктері бапкерге де байланысты. Осы ретте, қандай бапкерсіз деген сұраққа: «Айгерім Жезқазған қаласындағы мектепте оқып жүргенде Дидар Мүталиповтен сабақ алды. Кейін Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спорт интернатына ауысып, Темірбек Бидолданың тәлімін игерді. Жастар арасында жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Биыл белдесу бойынша шетелде бақ сынап жүр. Соған қарағанда нашар бапкер емес шығармыз» деді. Жас спортшы жоғары шеберлікке шыңдайтын спорт мектебінде жаттығып жүр екен.

Бүгінде Айгерімді тек оқу орны ғана емес, облыс тұрғындары да мақтан тұтады. ҚарМУ басшылығы студентіне шәкіртақы тағайындапты. Осы ретте Қырықбай аға «Талапты жастар – біздің болашағымыз. Сондықтан, спортты жанына серік еткен мығым жастар тұрғанда, елімізде дзюдо спортын дамытуға еш кедергі жоқ. Жас балуандарға арналған спорт залдарын көбейткеніміз жөн. Келешекте Айгерім секілді спорт шеберлерінен олимпияда жеңімпаздарын дайындап шығарамыз», – дейді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button