Жаңалықтар

«Арланнан» осал түсті

    Хоккейден Қазақстан чемпионаты шеңберінде «Теміртау» көкшетаулық «Арланды» қабылдады. Теміртаулықтар өз айдынында өткізген матчты өз пайдасына шеше алмады.

«Арлан» ойын басталысымен азуын көрсетті. 4-ші минутта Дорофеев қақпашы Енюшиннен айласын асырды. 0:1.

Ал, 13-ші минутта Бурделев «Арланның» басымдығын ұлғайтты. 0:2.

Бұдан кейін қорғанысқа көңіл бөле жүріп, қарымта шабуылдарға ден қойған «теміртаулықтардың» әрекетінен түк шықпады. Таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

«Сарыарқа» сияқты «Теміртау» да турнир бәйгесінде 6-шы орында келеді. Еншісінде – 38 ұпайы бар.

Елордалық «Номад» топ бастап тұр. 53 ұпай. «Арлан» – екінші орында (50 ұпай). Үздік үштікті қызылжарлық «Құлагер» 48 ұпаймен тұйықтауда.

«Теміртау» кеше кешке «Арланмен» тағы бір мәрте мықтылық байқасты.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button