Архив қорында – өнеге өрнектері

 

Жуырда Жезқазған қаласының мемлекеттік архивінде жаңадан қосылған жеке тектік қорлардың ашылу рәсіміне байланысты «Жақсының жақұт мұрасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Мағыналы жиынға жеке тектік қор иелері – геолог, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Мәлік Омаров, энергетик, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Хаташ Ұлданов, гидрогеолог, жер қойнауы байлығын алғаш ашушылардың бірі – Сұлтан Сүтбаев, ардагер ұстаз, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Жәукен Бәйішев, Жезқазған қалалық «Дидар» телерадио дирекциясының басшысы Базарбай Әлеуханұлы және тағы да басқа аймаққа танымал азаматтар қатысты.
Архив қоры арқылы ұрпаққа ұлағатты тәлім қалдыру мәселесінің өзектілігі хақында сыр-сұхбат құрып, ой-пікірлерімен бөлісушілер қатарында сондай-ақ, дөңгелек үстелге арнайы шақырылған меймандар – Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің директоры Зейпін Қазанбаева, «Қазақмыс» корпорациясының Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің басшысы Кенжал Балкенов, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры Бақтияр Қожахметов, ардагер журналист Аманжол Үсентегі және басқалары болды.
Іс-шара барысында оған қатысушылардың назарына жаңадан ашылған тектік қор иелерінің архивке өткізген құжаттары негізінде түзілген бейнеслайдтар көрсетілімі ұсынылды. Қалалық мемлекеттік архивтің директоры Бағдат Байжантаев қор иелерінің қатарын толықтырған тұлғаларға жеке тектік қордың иесі екендігін айғақтайтын сертификаттар табыс етті.

АхатҚҰРМАНСЕЙІТОВ.
Суретті түсірген
Л.СӘДУАҚАСОВА.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.