Жаңалықтар

Ардагерлер – ардағымыз

      Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаныңда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық көмек ретінде 20 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.

Компанияның Көмір және Болат департаменттерінде және «Өркен» ЖШС-де ардагерлердің құрметіне мерекелік концерттер мен салтанатты қабылдаулар ұйымдастырылды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жыл сайын ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған түрлі шаралар өткізіп, волонтерлік бастамаларды қолдап отырады.

Компания бөлімшелері ұжымдарының мұрындық болуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтіндер тарапынан «Нұр Отан» партиясы Жастар қанатының еріктілерімен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлерін тазалау, жөндеу, аулаларын реттеу, үй қасбеттерін абаттандыру, үйлеріне азық-түлік өнімдерін жеткізіп беру сияқты көмек түрлері тұрақты түрде көрсетіліп тұрады. Жыл сайын компания Ұлы Отан соғысының қатысушылары көмілген жерлерді абаттандыруға және қалпына келтіруге автотехника мен материалдар береді.

Вадим БАСИН, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:

Дәстүр бойынша біз 9 мамыр күні бізге бостандық пен бейбітшілік сыйлап, сұрапыл соғыс жылдары майданда шайқасқан және жеңіс жолында тылда еңбектенгендерге құрмет көрсетеміз. Бұл мереке біздің елдің батырлығының нышанына айналды. Біз өз ардагерлеріміздің ерлігі мен қайсарлығының арқасында жетпіс жылдан астам уақыт бейбіт елде өмір сүріп келеміз.

Ардагерлеріміздің ерліктері, қайсарлықтары мен Отанға адалдықтары үшін мың алғыс!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button