Жаңалықтар

Ардагерге – айрықша ілтипат

        Биыл жарты жаһанды қанға бөктірген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толды. Ерен ерлікпен, табанды еңбекпен қол жеткен Ұлы Жеңіс мейрамын атап өту жылдар бойы дәстүрге айналды. Ерлерге деген ілтипат уақыт жылжыған сайын арта түспесе, кеміген емес. Күннен-күнге қатары сиреп бара жатқан ардагерлер құрметтің биігіне әбден лайық.
Жеңіс күні мейрамы қарсаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков соғыс ардагері Мұқажан Ақажановтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
104 жасқа келген қарт жауынгер мәртебелі мейманды қуана қарсы алды. Ат арытып, арнайы құттықтап келгенін көріп, риза болды.
Қазыналы қартпен емен-жарқын әңгімелескен халық қалаулысы ардагерге игі тілегін жеткізіп, сый-сияпат жасады. Қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button