Спорт

Ардагер спортшы абырой биігінде

Қырғызстанның Бішкек қаласында ардагерлер арасында өткен пауэрлифтингтен Әлем кубогінде жерлесіміз Рашид Бариев үш медаль жеңіп алды.

Сурет: Облыс әкімдігінің сайтынан

Аталмыш чемпионатқа әлемнің жеті елінен 350-ден астам спортшы қатысқан. Жалпы, бұл «ардагерлер» санатында 40 жастан асқан спортшылар өнер көрсетеді. Ал, 64 жастағы жерлесіміз осы санатта бақ сынап, үздік атанды.

Әуелі, бенчпресстен (жатып сығымдап көтеру) 165 келіні бағындырып, абсолютті жеңімпаз атанды. Ал, пушпуллифтинг бойынша (күштік қоссайыс) – ІІ, тік көтеруден – ІІІ орын иеленді.

– Менің ұлым да осы спорт түрімен айналысады. Көрші үйден жолдастары келіп, бірге дайындалады. Әлем кубогіне өз қаражатыммен қатыстым. Алда жоспарларым көп. Өзіме демеуші тапқым келеді. Келер жылы Алматыда Азия чемпионаты, Екатеринбургте «Алтын жолбарыс» Әлем чемпионаты өтеді. Сол чемпионаттарда бақ сынап көремін. Содан кейін Бішкекте Әлем кубогі өтеді. Сол сурнирге де қатысып, реванш алғым келеді, – деді ардагер спортшы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button