Әдебиет

“Қара өлең менің бақытым…”

«Мен ел асып, жер асып келіп, басқа жер емес, Қасым туған топырақ – Қарағанды өңірінде тұрып жатқаным үшін өзімді бақыттымын деп есептеймін. Оның бір себебі, адамды алаламайтын, жаныңды жараламайтын, адамға ең керектісі байлық деп бағаламайтын, Барымды мақтайтұғын, жеңілсем жақтайтұғын, құшақ жайып, ешқашан сатпайтұғын достар таптым».

Бұл – Арқаның ақын қызы Айнұр ЖАПБАРҚҰЛОВАНЫҢ «Қасым және мен» өлеңі арқылы қарағандылықтарға арнаған лебізі. Өткен жұмада өнер жанашырлары Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектепте өткен ақынның шығармашылық кешінде кездесті.

Айнұр Жапбарқұлованың шығармашы­ лығына орай ұйымдастырылған шаралар легі, алдымен, облыстық семинардан бастау алды. Бұл жиын – «Шығармашылықта оқушы дарынын қалыптастырудың маңызы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ақын Айнұр Жапбарқұлованың шығармашылығын әрі озық тәжірибесін насихаттауға арналды. Әлбетте, алдымен, Айнұр Жапбарқұло­ва шаһар тұрғындарына ақын, сазгер әрі айтыскер ретінде кеңінен таныс. Оған қоса, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Поэзия­ ны жанына серік еткен шәкірттердің ұстазы.

Сондықтан, шығармашылық кештің ашылу салтанатында, алдымен, ақынның «Айдидарлы арманым» кітабының тұсауы кесілді.

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әрі қалалық білім бөлімі мұрындық болған семинар Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектепте сәтті ұй­ ымдастырылды. Семинарда Әсет Найман­ байұлының шығармашылығы және зама­ науи ақындар тақырыбы талқыланды. Оған қоса, «Оқушылардың шығармашылығын да­ мытудағы поэзияның рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелі қалалық білім ошақтары ұс­ таздарының басын қосты. Тұщымды пікірлер айтылды.

Аталмыш шараны ұйымдастырушы қа­лалық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жарке­ ева семинардың мақсатына тоқталды.

 – Алаштың Әлиханының есімі берілген білім шаңырағы қазіргі таңда қала мектеп­ терінің алдыңғы қатарында. Білім ошағында Айнұр Жапбарқұлова секілді талантты әрі өз ісінің нағыз маманы оқушыларға тәлім бе­ реді. Қаламынан туған өлеңдер мен әндер құлақ құрышын қандырып, әсерлі естеліктер­ ге жетелейді. Айнұр – ұстаздық қылуымен қа­ тар, ән шығарады, өлең жазады. Сондай-ақ, отбасына да көңіл бөледі. Өңірімізде жанжақты, талантты ұстаздардың көп болғаны қуантады. Оқушылар осындай ұстаздарынан үлгі алу арқылы шығармашыл болуға талпы­ нады. Болашаққа ұмтылады, – деді Гүлназ Бекетқызы.

 Білім бөлімінің әдіскері атап өткендей, бүгінгі таңда Айнұр Жапбарқұлованың ав­ торлығындағы «Мектебім Әлихан атында» әні Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілген білім ордасының әнұранына ай­ налған. Мектептің жас ұландары осы ән арқылы байқауларда топ жарып, әуелете шырқап жүр екен.

Шығармашылық кешке Айнұрдың өлеңі­ не ғашық, жырын сүйіп, жақыным деп білетін облысқа белгілі білім саласының қызмет­ керлері, қаламгерлер, өнер жанашырлары келді. Ақын кеш қонақтарына 200-ге жуық өлеңі жинақталып, тұсауы кесілген «Айди­дарлы арманым» жинағын тарту етті. Кеште өмірін өлеңмен өрген ақынның жинаққа ен­ ген туындылары оқылды. Әдеби-музыкалық, танымдық бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Ақын достарым да бар, әкім достарым да, ақыл достарым да бар, жаныма туы­ сымдай жақын достарым да бар» дейтін ақынның өнердегі дос, әріптестері жырдан шашу шашты.

Айнұр Жапбарқұлованың шәкірттері, өңірге таныс жас айтыскерлер Нұрмұхам­ мед Байсүгіров пен Мұхтар Әділов Ораза айымен тұспа-тұс келген ақын кешіне арнау айтты.

Жалпы, Тәуелібай өлкесі ақын мен ән­ шіге, өнерпазға кенде емес. Кеште қонақтар өлеңімен қазаққа нұр берген Өмірзақ Қо­ жамұратовты, Қалдаш жырауды, Серік Шұқын, Балқы Базар бабамызды тудырған киелі жерде өсіп, атаның қанымен, ананың сүтімен қазақи тәрбие көрген Айнұрдың да өнерге жақын болуы заңды екенін тілге тиек етті.

 Оның үстіне, бүгінгі таңда Шәмшінің Тамды, Мыңбұлақтың барша ару қыздарына арнап жазған «Тамды аруы» әні сол жерде тұратын халықтың гимніне айналғаны бел­ гілі. Сол «Тамды аруын» тамылжыта шы­ рқайтын Гүлмира Ақүрпекова Айнұр ақынды құттықтау мақсатында Алматыдан Арқаға арнайы ат басын бұрыпты. Қазақ эстрада­сының жарық жұлдызы кешті көріктендіріп, өнерсүйер ағайынның қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Аққу» би ансамблі биден шашу шашып, ақынды құттықтады.

Жалпы, Айнұр ақынның поэзиясын оқы­ рмандары арасында білім саласының қыз­меткерлері ерекше сүйіп оқитынын білеміз. Ақын ұстаздардың қиын да қызықты еңбек жолын өлеңі арқылы дәріптеп, мәселені дөп басады. Өлеңдері – сондығымен ерекше.

Сөйтіп, ақындық пен ұстаздықты қа­ тар алып жүрген бақытты ана Айнұр Жап­ барқұлованың кеші жоғары деңгейде өтті. Семинарларды озық өткізу тәжірибесінде об­лыс ұстаздарына үлгі болар жаңа леп әкелді.

Осылай болғаны заңды да. Өйткені, Айнұр ақынның жолы өзгеге ұқсамайды. Ақ желкен арманы айдың дидары секілді.

Аяулым СОВЕТ,

 «Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button