АймақҚарағанды

Қарағандының медицина ұйымдары 400 млн теңге қарызды қайтарды

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасы медициналық ұйымдары тарапынан мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының сақталуын талдауды аяқтады. Қадағалау іс-шаралары нәтижесінде тиісті сомаларды төлемеу түріндегі көптеген заң бұзушылық анықталды.

Сурет: bugin.kz

 – Тексеру қорытындысы бойынша жыл ішінде 383 кәсіпкерлік субъектісіне нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем аударылмағаны анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асқан. Төлемнің мұндай кешігуі кәсіпкерлерге айтарлықтай қиындықтар туғызып, жұмыстарын қалыпты жүргізуге және бизнесті дамытуға кедергі болған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті сомалар төленді, үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button