Бас тақырып

Қарағандының ферроқорытпа зауытында апат болды

Бүгін, 20 шілдеде сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Кенеттен жалын шығып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Сурет: «YDD Corporation» зауытынан

Қазір зауытта жұмыс тоқтатылды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі №1 пеште кенеттен жалын шыққанын нақтылайды.

– Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық жұмысшы ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлады YDD корпорациясы.

Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін әрі ауруханамен тұрақты байланыста екендерін де жеткізді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button