АймақҚарағанды

Қарағандының ауасы қаншалықты таза?

Облыстық экология департаменті ауаның ластануына өлшеу жұмыстарын жүргізді.

Кеше, 16 қаңтар күні экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары Қарағанды қаласының аумағында арнайы құралмен ауаны атмосфералық өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (желсіз) басталуына байланысты экология департаменті қаланың пешпен жылытылатын аудандарында атмосфералық ауаға мониторинг жасады.

–  Ауаның ластануының басты себебі – жеке секторларда, шағын және орта бизнесті сапасыз көмірмен жылыту және көліктерден, соның ішінде қоғамдық көліктерден шығатын түтіннің атмосферада шоғырланып, таралмауынан туындауда. Сонымен қатар жеке секторлардың, шағын және орта бизнестің сапасыз көмірді пайдалануында, – дейді мамандар.

Жеке секторларда ауаны ластаушы заттардың артық мөлшері тіркелді.

Өлшеу нәтижелері бойынша Архитектурная 22, Төлепова-Моторная қиылысы, Асфальтная 22, Кирпичная 21Б көшелерінде ластаушы заттардың артық мөлшері анықталмады.
«Шығыс – 2» (Восток-2) шағын ауданында («Ұмай» дүкенінің аумағы) көмірқышқыл газының артық мөлшері анықталды (нақты мөлшері – 6,54, қалыпты мөлшері– 5,0).
Жоғарыда айтылғандай ауа райының қолайсыз күндерінде (жел жоқ күндері) бөлінген түтіндер таралмай, ауада тұрып қалады. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – қаладағы жеке үйлерді газбен жылытуға көшіру.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button