Жаңалықтар

Балқаштың экологиясы ластануда

«Kazakhmys Smelting» зауытындағы жабдықтардың тозуы салдарынан Балқаштың ауасы ластанған.

– Балқаштағы атмосфералық ауаның ластануы «Kazakhmys Smelting» мыс балқыту зауыты жабдықтарының технологиялық тозуы салдарынан болып отыр, – деді экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Исжанов тұрғындармен кездесуде.

Кәсіпорын биыл қазан айына дейін шығарындыларды 50 пайызға немесе 31 мың тоннаға азайтуға есептелген күкірт қышқылы зауытының екінші кезегі құрылысының ЖСҚ әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отыр.

– Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Балқаштың ірі кәсіпорындары тұрақты бақылауда, – деп сендірді экологтар.

Балқаш қаласы бойынша 2022 жылға нақты шығарындылар 78,5 мың тоннаны құраған. Оның ішінде шығарындылардың 73,8 пайызы Балқаш мыс қорыту зауытының үлесінде, 2022 жылға нақты шығарындылар 57,7 мың тоннаны құраған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button