Бас тақырып
Қарағандылық теннисші үздік бестіктің қатарында
Халықаралық теннис федерациясы жаңартылған ITF жасөспірімдер рейтингін жариялады. Жаңартылған рейтингте 17 жастағы қарағандылық теннисші Әмір Омарханов IV орынға көтерілген.

Жерлесіміз бұған дейін қазіргі тұрған орынынан он саты төмен тұрған. Қазір үздік бестіктің қатарында. Ал, үздік бестіктің қатарына спортшы өз мансабында алғаш рет кіріп тұр.
Айта кетейік, қарағандылық спортшы өткен маусымда Бейжіңдегі j300 жеке турнирінде және үш ірі жұпта, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты Orange Bowl-да жеңіске жеткен болатын.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz