Спорт

Қарағандылықтар үлесі

     Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен V Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 4-ші сатыға табан тіреді. Қоржында – 96 медаль. Әрине, мұндағы қарағандылықтардың да үлесі қомақты.

Құрлық бәсекесінде самбошы Бейімбет Қанжанов алтыннан алқа тақты. Биыл алғаш рет ойындар күнтізбесіне енгізілген бильярд спортынан күміс медальді Әлібек Омаров олжалады.

Теміртаулық жеңіл атлет Мария Овчинникова үш қарғып секіруден күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол есімі әлемге әйгілі отандасымыз Ольга Рыпаковаға есе жіберді.

Велошабандоздар да құрама қоржынын жүлдеге толтырды. Павел Воржев екі алтын, бір күміс медальді иеленді. Командалық бәйгеде Роман Василенко мен Сергей Шатовкин екі алтынды қанжығаға байлады.

Балуан қызымыз Эльмира Сыздықова жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Сондай-ақ, балуан Хусейн Муцольгов грек-рим күресінде қола медальді қанағат тұтты.

Ойындарға 62 мемлекет құрамасы қатысты. Жарыс қожайыны – Түркіменстан спортшылары командалық есепте көш бастады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button