Руханият

Қарағандылықтар Гран-при жеңіп алды

Биыл ақын, әнші, композитор Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының туғанына – 180 жыл. Осы мақсатта Қарағандыдағы Кеншілердің мәдениет сарайында дәстүрлі әндерді орындаушылардың «Әудем жер» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Аталмыш байқаудан қарағандылықтар кіші және үлкен жас санатында Гран-при иеленді.

Байқауға Абай, Қарқаралы, Бұқар жырау, Шет ауданы мен Қарағанды, Теміртау, Балқаш қаласынан 10 жастан 15 жасқа дейінгі және 16-дан 19 жасқа дейінгі 15 вокалист қатысты. Қарағандылық Мағжан Минбаев кіші жас санатында бақ сынап, Гран-при жеңіп алды. Осы санатта І орынды Қарағандының тумасы Аяжан Акеева иеленді. ІІ орынды – балқаштық Ренат Әбдібеков, ІІІ орынды – қарағандылық Айбек Қасымханов иеленді. Ал, үлкен жас санатында Рустам Жусупов Гран-приді жеңіп алды.

– Байқау шарттары бойынша біз төрт ән орындауымыз керек еді. Ақан Сері Қорамсаұлының екі, еркін тақырыпта екі ән. Бірінші турда Ақан серінің «Алтыбасары» мен Үкілі Ыбрайдың «Толқын» әнін орындадым. Екіншісінде – Ақан серінің «Шәмшіқамар» және Біржан салдың «Он саусақ» әнін шырқадым. Мен бала кезімнен музыкамен айналысамын. Ал, дәстүрлі ән айтумен – 12 жыл айналысып келемін. Өткен жылы Астана қаласының Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түстім, – дейді Рустам Жусупов.

16 жастан 35 жасқа дейінгі жас санатында бірінші болып қарағандылық Салтанат Совет, Абайлық Бек Мыңбек пен Баянды Төлеутай ІІ және ІІІ орынды иеленді.

– Оқушым Айбек Қасымханов ІІІ орын иеленді. Ол Ақан сері мен Кеңес Әзірбаевтың «Көк шолақ» атты екі әнін орындады. Ересектер санатында Гран-при алған Рустам Жучупов та менің шәкіртім. Ол біздің мектепті бітірді. Мұндай байқауларда біздің тәрбиеленушілер ғана емес, біз де, мұғалімдер де жақсы тәжірибе аламыз, – деп атап өтті «Домбырамен ән айту» сыныбы бойынша мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының оқытушысы замат Түсіпбек.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button