Жаңалықтар

Қарағандылықтарға тегін такси қызметі ұсынылуда

Рамазан айы басталғалы Қарағанды мешіттерінде қайырымдылық шаралары үздіксіз ұйымдастырылуда. Осы айдың алғашқы күннен-ақ халық көп шоғырланатын мешіт маңында еріктілер мен имамдар тегін такси қызметін ұсынуда.


– Бүгінде қарағандылықтар тарауық намазынан кейін тегін такси қызметін пайдаланып отыр. Бұдан бөлек, Әнет баба атындағы мешіт көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азықтүлік үлестіріп, көмек көрсетуде. Барлық мешіттерде ауызашарлар беріліп жатыр. Жақсылық жасау – Жаратушының алдындағы үлкен іс, – дейді Әнет баба атындағы мешіттің сайт редакторы Нәзира Байназарова.
Айта кетейік, биыл 6 мамыр күні басталған Рамазан айы 5 маусымға дейін жалғасады. Берілетін пітір-садақаның көлемі – 300 теңге.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button