Спорт
Қарағандылықта – күміс жүлде
Қарағандылық Бағлан ИБРАГИМ Ресей астанасы Мәскеуде өткен самбодан әлем кубогінде күміс жүлдеге қол жеткізді.
Турнирге РФ Спорт министрлігі, Мәскеу қаласының спорт және туризм департаменті, Халықаралық самбо федерациясы, Мәскеу самбо федерациясы және «Самбо – 70» спорт орталығы ұйытқы болды. Байрақты бәсекеде 27 мемлекеттен келген 300-ден астам самбошы күш сынасты.
Қазақстандық балуандар 6 күміс, 2 қола медальді олжалады. Құрама сапында барған Бағлан 52 келі салмақта күресті.
Нұрқанат ҚАНАФИН