Жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер жанып жатқан көлікті өшіріп, көлік жүргізушісін аман алып қалды

Кеше қарағандылық полицейлер жол үстінде кенеттен отқа оранған көлікті сөндіріп, үлкен өрттің алдын алды. Жолаушыға көмек қолын созған полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалып, әлеуметтік желіге тарап кеткен. Жолаушыға көмек көрсеткен Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Жаңбырбай Құттыбаев пен патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Сәулет Жамкенов есімді азаматтар екен.

 

– Таңертеңгілік уақытта қызметімізге кірісіп, өзімізге бекітілген аумаққа бара жатқанбыз. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтағанымызда алдымызда тұрған «Рено» автокөлігінің капотынан түтін шыққанын байқадық. Бірден қасымдағы әріптестерім Сәулет Жамкенов, Мирас Әлкенов және Нұрлан Ақжановпен көлігімізден түсіп, отқа оранған көлікті сөндіруге жүгірдік. Көлік иесі сасқалақтап қалғандықтан ішінде отырып қалды. Біз жүргізушінің өмірі үшін алаңдадық. Көліктің капотын ашқанымызда маторы жанып жатты. Артынша бізге көмекке екінші экипаж келіп, барлығымыз отты сөндірдік, – деді Жаңбырбай Құттыбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button