Қарағандылық оқушылар республикалық байқаудың дипломанты атанды

Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында қарағандылық оқушылар жүлделі орындардан көрінді.  Зияткерлік байқауға 9-11 сыныпта оқитын жеті жүзге тарта оқушы қатысқан. Олардың ішінде 24 оқушы Қарағанды облысының атынан сынға түсті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі   мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы бірлесіп ұйымдастырған байқауда  оқушылар физика, техника, астрономия, қолданбалы матемаика, информатика, экономика, биология, тарих, өлкетану, тілі білімі, қоршаған орта мен денсаулықты қорғау бағыттары бойынша ғылыми жобаларын ортаға салды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша,   II дәрежелі дипломға «Дарын» ММИ оқушылары Марианна Хлебникова, Мөлдір Маулет, Аруна Аманжолова және Н. Нұрмақов атындағы ММИ 11 сынып оқушысы Береке Тұқаев ие болды. Ал, ІІІ дәрежелі диплом  Жамбыл атындағы ММИ 11 сынып оқушысы Ақтілек Бердібековаға, Мұстафин атындағы №83 ОМ 11 сынып оқушысы Ксения Скоробогатоваға, Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Тілеубек Тыныбекке және Н. Нұрмақов атындағы ММИ 10 сынып оқушысы Ажар Қанатқа табысталды.