Руханият

Қарағандылық музыканттар Қазақстан олимпиада құрамасын қолдау мақсатында күй шығарды

Қарағандылық Sardar дуэті Қазақстан олимпиадалық құрамасына арнап “Намыс” күйін шығарды. Шығарманың авторлары — жас композиторлар Жәнібек Қазбекұлы мен Бексұлтан Имашев.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Музыканттар шамамен бір жыл бұрын Sardar дуэтін құрып, № 2 қалалық музыка мектебінде балаларға сабақ беру арқылы домбыраны белсенді түрде насихаттап келеді. Сондай-ақ, домбырашылар Қарақат Әбілдинаның студия мектебінде сабақ береді.

— “Намыс” күйі біздің олимпиадашыларға арналған. Оны жазуға бізді Елдос Сметов пен Нұрбек Оралбай шабыттандырды. Күй тез қарқынмен орындалады және қазақ батырларының бейнесін сипаттайды. Біздің шығармамызды тыңдай отырып, жастар атақты спортшылардың жетістіктеріне ұмтылады деп үміттенеміз, — дейді Жәнібек Қазбекұлы.

Музыканттар өздерінің алғашқы бірлескен туындыларына авторлық құқықты тіркеді. “Намыс” күйі жақын арада әлеуметтік желілерде және ресми музыкалық чарттарда пайда болады.

Жақында Композиторлар “Қарақат” музыкалық мектеп-студиясының 12 тәрбиеленушісімен бірге Италияға фестивальге ұшады. Жәнібек пен Бексұлтан өз күйлерін фестиваль көрермендеріне ұсынбақшы.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button