Бас тақырып

Қарағандылық кеншілерге жаңа арнайы төлемдер енгізілмек

Қарағандыға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың, кәсіподақ жетекшілерінің қатысуымен өткен кездесуде ол кеншілерге ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегендер үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізу туралы айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау үшін заң жобасы әзірленді. Оны түсіндіру мақсатында министр кеншілер тобымен және кәсіподақтармен кездесті. Бірақ сұрақтар әлі де қойылып жатыр. Біз министрді арнайы шақырдық, сіздер бар сұрақтарыңызға тікелей жауап алу үшін шақырдық, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Светлана Жақыпова заң жобасын Мәжіліс қабылдағанын және ҚР Парламенті Сенатының қарауында екенін айтты. Оның айтуынша, бірнеше жұмыс топтары өтті және жақын арада әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі бас комитетте қаралады деп күтілуде.

– Арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары: 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіби зейнетақы аударымдарының болуы талап етіледі. Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады және төрт көзден жүзеге асырылады: республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы; өмірді сақтандыру компанияларынан – 1 ӨМ мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен – 1 ӨМ мөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен. Бұдан басқа, қызметкерлерге БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып төлемдер алу құқығы беріледі, – деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Ол арнайы әлеуметтік төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін қазақстандықтарға жүктелетінін атап өтті.

Алдын ала есептеулер бойынша 2024 жылы орта есеппен арнайы төлемдер шамамен 208 мың теңгені құрайды. Әрбір қызметкер үшін оның мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарға байланысты болады. Болашақта күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты сома жыл сайын өседі.

Төлем зейнеткерлік жасқа дейін жүзеге асырылады деп көзделеді. Арнайы төлемдер алу үшін зиянды еңбек жағдайларымен жұмыстан кету керек. Бұл ретте жеңіл жұмысқа ауысуға жол беріледі, бұл жағдайда жалақыға төлем қосылады.

Министр кеншілердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button