Жаңалықтар

Қарағандылық дәрігерлер «Nur Otan» партиясы ұсынған Президент кандидатурасын қолдады

Қарағандылық дәрігерлер Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы «Нұр Отан» партиясының ХІХ съезінің шешіміне қолдау көрсетіп, үндеу қабылдады. Жиынға 200-ге жуық денсаулық сақтау қызметкерлері қатысқан. 

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді бастан өткеріп, денсаулық сақтау, білім, ғылым және мәдениетті дамытуда ауқымды жетістіктерге қол жеткізді. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекет саясатының реттілігі адам қызметінің барлық салаларында көрініс табуда. Ел экономикасы да қарқынды дамуда», – делінген үндеуде.

Жиынға қатысқан азаматтар ел Тәуелсіздігі мен осы жылдарда қолжеткізген толайым табыстарымыздың  Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының төрағасы ретінде ел азаматтарының экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырудың кепілі болып қала береді. “Nur Otan” партиясының  Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешімін толық қолдаймыз. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлының Елбасы стратегиясын жалғастыратынына, Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және одан әрі дамуына бағытталған стратегиялық бағдарламаларды тиімді және толық жүзеге асыру үшін барлық күш – жігерімізді жұмсайтынына нық сенімдіміз», – деді медицина қызметкерлері.

 

Басқа материалдар

Back to top button