Аймақ
Қарағандылық дәрігерлер баланың ішегінен бір буда шаш алып шықты
Облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері соқырішек диагнозымен ауруханаға түскен 13 жасар қыз баланың ішегінен түйін болып, жиналып қалған бір буда шаш алып шықты.

– Пациент 5 шілдеде ауруханаға түсіп, дәл осы күні ота жасалды, – делінген аталған аурухананың әлеуметтік желісінде.
Қазір қыз баланың денсаулығы қалыпты, жансақтау бөлімінде ем алуда.
Дәрігерлер кез келген бала осындай жағдайға ұшырауы мүмкін дейді. Баланы көзден таса етпей, үнемі қадағалап отыру мүмкін емес. Десе де, абай болып, болмаса, ауызға кез келген нәрсені сала беруге болмайтынын түсіндіріп айтып отыру керек екенін айтуда дәрігерлер.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz