Жаңалықтар

Қарағандылық бойжеткен тоғызқұмалақтан Еуропа Кубогының бас жүлдесін жеңіп алды

Қарағанды облысының тұрғыны Аңсаған Қожанасіп тоғызқұмалақтан Еуропа Кубогының алтын медалін жеңіп алды. Ол әйелдер арасында үздік атанды.

Халықаралық біріншілік Канныда өтті. Жарысқа Қазақстан, Франция, Италия, Ұлыбритания және Марокко спортшылары қатысты.

Ақпан айында Аңсағанның ағасы Асылхан Қожанәсіп тоғызқұмалақтан Еуразия Кубогының жеңімпазы атанды. Жарыс Анталияда (Түркия) өтті. Жеңіс үшін Түркия, АҚШ, Чехия, Румыния, Эфиопия, Қырғызстан және Қазақстаннан 67 спортшы бақ таластырды.

Ансаған мен Асылхан Қожанасіп өткен жылы Ақтөбеде тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионатынде да ерекшеленген болатын. Оған 20 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының құрамына кірген Қарағанды облысының өкілдері алғаш рет осындай деңгейдегі біріншілікке қатысып, медаль жеңіп алды. Классикадағы қола жүлдені Аңсаған Қожанәсіп жеңіп алды, ал рапидте Асылхан Қожанасіп күміс жүлдегер атанды. Ағалы-қарындасты спортшылар – тоғызқұмалақтан қазақстандық команданың көшбасшылары. Олар Ағадырда 100-ден астам баланы жаттықтырады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button