Руханият

Қарағандыда әзілқойлар фестиваль-байқауы өтеді

Қарағандыда Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» атты облыстық әзілқойлар фестиваль-байқауы өтпек. Оған өңірдегі барлық қала мен ауданның мәдениет бөлімдері, мәдениет үйлері, мәдени-демалыс орталықтары, жоғары оқу орындары мен колледж ұжымдары қатыса алады. Жас шектеулері жоқ. Плагиат пен әдепсіз әзілдерге қатаң тыйым салынады.

Фестиваль-байқауға екі номинация кіреді:

– «Әзілге толы әңгіме» (stand up) – қатысушы монолог, стенд-ап, анекдот, пародия, әзіл-қалжың әнін және т. б. дайындай алады.

– «Көңілді тапқырлар» (КТК-дағыдай сәлемдесу) – бұл номинацияда командалар қоғамның мәселелерін әзіл арқылы жеткізуі керек.

Қатысуға өтінімдер 28 наурызға дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32-үй мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: karonmc@mail.ru. Байқаудың өзі 1 сәуір сағат 14:00-де Достық үйінде өтеді.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған фестиваль-байқау мемлекеттік тілде өткізіледі. Қазылар алқасы әзіл-оспақты, актерлік шеберлікті, сахна мәдениетін, сөйлеу бейнесі мен мәдениетін бағалайды.

Отыз бірінші наурызда дайындалған материал қаралады. Барлық әзілқойлар редакциялық жұмысқа қатысуы тиіс.

Жеңімпаздар екі номинация бойынша жеке таңдалады (I, II, III орындар), қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Ұйымдастырушы – демалыс және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button