Қарағандыда жылу беру маусымы басталды
Бұл туралы қала басшысы Мейрам Кожухов мәлім етті. 30-қазаннан бастап көптеген нысандарға жылу берілді. Жұмыс жексенбі күні де жалғасты.
Қарағандыда жексенбі күнгі есеп бойынша 646 үйге жылу берілді.
– Қазыбек би ауданында 300 үй, Әлихан Бөкейхан ауданында 346 үй жылуға қосылды, – деді кеше Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында.
56 мектеп пен 30 балабақшаға жылу беріле бастады. Сондай-ақ 19 денсаулық сақтау және 14 әлеуметтік-мәдени нысан жылумен қамтамасыз етілген.
Жұмыстар жалғасуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ