Жаңалықтар
Қарағандыда жаңа жылда қоғамдық көліктер қалай жүреді?
Көптеген маршруттарға қызмет көрсететін № 3 Қарағанды автопаркі мереке күндері қалалық автобустар қандай режимде жүретіні туралы айтты.

– 2024 жылдың 1 қаңтарында қоғамдық көліктер таңғы 10.00-ден бастап жүреді. Желідегі қалаішілік және қала маңындағы автобустардың саны басқа күндермен салыстырғанда 50%-ға қысқарады. 2024 жылдың 2 қаңтарында қоғамдық көліктер жұмысы таңғы 6.00-ден басталады. Бұл күні де желідегі автобустардың саны демалыс күнінің кестесіне қатысты 50%-ға аз болады. Ал, 3 қаңтардан бастап № 3 автопарк қызмет көрсететін маршруттар әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді, – дейді автопарк басшылығы.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ